Елордада металл-пластикалық бұйымдар шығаратын цех өртенді

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада металл-пластикалық бұйымдар шығаратын цех өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Елордада металл-пластикалық бұйымдар шығаратын цех өртенді

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тосын оқиға Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан бірқабатты металл-пластикалық бұйымдар шығаратын цехта орын алған. 250 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан өндірістік құрал-жабықтар мен «Газель» көлігі бүлінген. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қызыл жалын ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдалйра департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 30 маман мен 6 техниканың күшімен сөндірілді.