Елордада «Мигрант» шарасы өтті
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат. Ағымдағы жылғы тамыздың 5-сі мен 6-сы аралығында Астана қалалық ІІД елорда аумағындағы белгіленген құқық тәртібін қамтамасыз ету, елорда аумағына заңсыз келген тұлғаларды анықтау, сонымен қатар қалаға шетел азаматтарының келу кезіндегі бақылауды күшейту мақсатында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтті.
Оның барысында полиция қызметкерлері заңсыз мигранттар болуы мүмкін қозғалыс орындары, жолаушы автобустары мен басқа да көліктер, заңсыз шетел азаматтары болуы мүмкін орындар (тұрғылықты мекен-жайлары, құрылыс объектілері, жертөле бөлмелері, базарлар, көтерме сауда орталықтары, вокзалдың қасындағы аумақтар мен өзге де орындар) тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 27 ұйым, мекеме мен оқу орындары, сол сияқты шетел тұрғындары көп тұратын жатақханалар тексерілді.
«Жасырынды» атты шараны жүргізу барысында барлығы 244 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетел азаматтарының саны - 244, әкімшілік соттың шешімімен 14 шетел азаматы елден қуылды. Жеке басын анықтау үшін ІІД-нің қабылдау-тарату орнына 36 таяу шетел азаматы жабылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 86 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 71-і қала аумағында тиісті құжатсыз, тіркеусіз және жарамсыз құжаттармен, жеке басын анықтайтын төлқұжатсыз тұрғаны үшін; 14 азамат бекітілген шетел азаматтарының тіркелу тәртібін қамтамасыз етпегені үшін; 1 адам шетел жұмыс күшін пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
1955 жылы туған ҚР азаматы жұмыс беруші ретінде уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз шетел азаматтарын жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан мемлекет пайдасына 10 МРП көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Сондй-ақ Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ойын бизнесі аясында заң бұзушылық анықталды. Қала ғимараттарының бірінде ойын залының операторы ұтыс ретінде ақшалай сыйақы берген. Айғақ заттары ретінде 11 ойын автоматы тәркіленді.
Осы іс бойынша кінәлі тұлғалардың қатыстылығына тексеру жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.