Елордада «Мигрант» жедел алдын алу іс шарасы басталды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаметінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінен хабарлады.

Елордада «Мигрант» жедел алдын алу іс шарасы басталды

«ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елордадағы заңсыз келген тұлғаларды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елге шетелдіктердің келуіне бақылауды қатайту мақсатында Астана қаласында сәуірдің 13-і мен 17-сі аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі», делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған шараны жүзеге асыруға ішкі істер органдарының 1000-ға жуық қызметкерлері тартылмақ.

Шетелдіктер көп тұратын және келетін орындарға, атап айтқанда, базарларға, құрылыс нысандарына, автобекеттерге, қонақүйлер мен жатақханаларға рейдтер жүргізіліп, көші-қон заңнамасының бұзылу фактілеріне, сондай-ақ заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен арналарға тексеріс жүргізіледі.

Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтардың келу мерзімі қысқартылып, елден шығарылады.