Елордада министрліктер, комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар арасында спартакиада өтеді
Бұл ақпаратты ҚР Спорт және туризм министрлігінен хабарлады.
Бұл 2010 жылғы қаңтардың 29-ындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа Қазақстан - жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметкердің позитивті ұстанымын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Қазақстанның барлық тұрғындарының дене тәрбиесі мен спортпен белсенді айналысуына арналған спорттық-бұқаралық іс шаралардың бірі.
«Спартакиадаға барлық министрліктер мен ведомстовлардың өкілдері, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары қатысады деп күтілуде», делінген баспасөз хабарламасында.
Мамырдың 29-ында Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Осы күні аталған стадионда шағын футболдан, «Жеті қазына» кешенінде бильярдтан, ал «Астана» спорт кешенінде волейболдан жарыстар басталады.