Елордада мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер еңбектерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді
![None None](/static/img/plug.webp)
Мерекелік шараға мүмкіндігі шектеулі 30 бала қатыспақ. Экспозицияға мүгедек балалардың өз қолдарынан шыққан 100-ден астам туынды қойылады. Атап айтқанда, көрмеге келушілер олардың суреттерін, картиналарын, түрлі ұсақ-түйек заттарды, киізден, ағаштан жасаған бұйымдарын және т.с.с. өнер туындыларын тамашалай алады. Бұдан басқа, «Армысың, әз Наурыз!» шаралар жоспарына 5-15 жас аралығындағы балалардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама енгізілген. Айта кетейік, аталмыш іс-шара жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Оның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесіне қоғам назарын аударту, сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту болып табылады. Естеріңізге салайық, көрме-жәрмеңке есігі келемін деушілер үшін 21-23 наурыз күндері елордадағы «Asia park» сауда ойын-сауық орталығында сағат 10:00-22:00 аралығында ашық.