Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ұлттық сурет галереясында мүмкіндігі шектеулі жандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Шараны «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды.

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады - ВИДЕО

«Бұл - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің азаматтық бастамасы. 8 наурыз мерекесімен мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтағанды жөн санадық. Қалалық әкімдікке хабарласып, әлеуметтік қорғау желісі бойынша мүмкіндігі шектеулі әйелдердің аты-жөнін сұрадық», - дейді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жумин.

Шара қонақтарын ұйымдастырушылар гүлмен қарсы алып, галереяны аралатты. Экспонаттармен танысып болған соң олар жақында ашылған «Ажар - тарихның тамаша келбеті» атты көрмені тамашалады. Кездесу соңында мүмкіндігі шектеулі әзік жандарға сыйлытар табысталды.