Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шара мүгедектерді жұмыспен қамту айлығы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарлады.
None
None

Үш сағат бойы өткен жұмыс жәрмеңкесіне елорданың 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғасы қатысты. Жәрмеңке аясында Астана қаласының 20-дан астам жұмыс беруші мекемелері күзетші, есепші, полиграфия мамандары және т.б. жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке соңында шамамен 80 адамды компания тарапынан сұхбаттасуға шақырылды.

Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» әлеуметтік бағдарламасы бойынша кеңестер берілді.

Соңғы жаңалықтар