Елордада мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік интеграциялау мәселесі талқыланбақ

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада шет елдер парламенттеріндегі мүмкіндіктері шектеулі депутаттардың қатысуымен мүгедек жандарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселесінің отандық және халықаралық тәжірибесі талқыланады. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік интеграциясының халықаралық тәжірибесі» тақырыбында желтоқсанның 3-і күні өтетін халықаралық дөңгелек үстел, осы күні атап өтілетін - Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне орай, сондай-ақ «Шектеусіз мүмкіндіктер» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылуда.  

«Отырыста Мүгедектер құқығы жөніндегі конвенцияда көрсетілген ережелер бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік интеграциясының халықаралық және отандық тәжірибесі талқыланып, болашақ жоспарлар мен аталмыш мәселедегі біріккен бағыттар айқындалады деп көзделуде», - деді ол.

Басқосу шет елдер парламенттеріндегі мүгедектіктері бар депутаттардың, ҚР Парламенті депутаттарының, министрліктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар