Елордада мұзды суға шомылу маусымы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен ғасырдың 70-інші жылдары ашылған «Сергектік» клубы елордалық морждардың арасында танымалдылыққа ие, олардың ең кішкентайы небәрі 3 жаста.
Мұз үстінде ойық жасау және жүгіріп келу - Қайролла Көптілеуовтің жексенбі күнгі уақыты осылай басталады. Бұрынғы әскери қызметкер денсаулығын түзетпек болып, үш жыл бұрын осы бағытқа ден қойған.
«Мен бұған дейін суық тиіп көп ауырдым. Қыстан қорқатынмын. Күздігүні депрессияға түсе бастаймын. Кейін шынығуды ойладым. Үшінші қыс болды, тұмаудан адамын», - дейді «Сергектік» клубының мүшесі Қайролла Көптілеуов.
Аталмыш клубты аязды күндері суға түсуді жандары сүйетін адамдар құрған. Қазір олардың саны 200-ге жеткен.
«Жергілікті морждар тіпті, еуропалықтардың таңдайын қақтыруда», - дейді клуб жетекшілерінің бірі Руслан Молдыбаев.
Қыстың қатал құрлықтық климатында суға түсу ең төзімділердің ғана қолынан келеді. Бірақ суға сүңгімес бұрын, денені қыздырып алу қажет.
«Өткен жылы біз Польшада Дүниежүзілік морждар фестиваліне қатыстық. Балтық теңізі қатпайды. Оларда ауа райы бізге қарағанда анағұрлым жұмсақ, жылырақ. Біздің қандай ауа райы жағдайында суға түсетінімізге, жүгіретінімізге олар таңданыстарын білдірді», - деп атап өтті «Сергектік» морждар клубы директорының орынбасары Руслан Молдыбаев.
Тәжірибелі морждардың айтуынша, қыстыңгүні су ішінде 5 минуттан артық тұруға болмайды. Судан шыққаннан кейін дереу киініп, ыстық шәй ішу керек.
Дереккөз: "Хабар 24" арнасы.