Елордада «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде 1 наурызда Алғыс айту күніне орай «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Елордада «Музей кітапханасына кітап сыйы» акциясы өтеді

Акция Ұлттық музейдің Ғылыми кітапханасына тұрақты қолдану үшін тарих, археология, этнография, мәдениеттану, қалпына келтіру, музейтану және басқа бағыттар бойынша кітаптар, мақалалар жинағы, конференция материалдары, монографияларды табыстауға шақырады.

Акцияға қатысушы әр бір еріктінің белсенділігі музейдің ағартушылық, ғылыми-зерттеу, білім беру қызметіне қосқан үлесі болып саналады. Осы уақытқа дейін тапсырылған барлық еңбектер музейдің Ғылыми кітапханасында сақталады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарында бекіткен №173 Жарлығына сәйкес 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған аталмыш мереке ұлттар татулығын бекемдеп, тұрақтылықты нығайтуға негізделген.