Елордада нан фестивалі өтеді

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы  айда елордада нан фестивалі өтеді. Оған Астана қаласындағы барлық нан және кондитер өнімдерін өндірушілер қатыса алады.
None
None

Елорданың ресми сайтының мәліметінше, байқауда жеңімпаздар дауыс беру нәтижесі бойынша анықталып, үздіктер сараланады.

Шараның мақсаты - осыған дейін Тың иегеру өңірінде дәстүрлі түрде өткен нан фестивалін қайта жаңғырту. Ұмыт бола бастаған бұл фестиваль ұзақ жылдан бері былтыр бірінші рет қайта жалғасын тапты. Оған нан өнімдерін өндіретін түрлі компаниялардың 30-дан аса өкілі қатысқан болатын.

«Биылғы нан фестивалі бір күнге жоспарланған. Шара аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, қала тұрғындары нан өнімдерін өндірушінің бағасымен сатып ала алады. Одан әрі БАҚ өкілдеріне арналып баспасөз мәслихаты өткізіледі, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасады», - деп хабарлайды Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Әсел Сапбаева.

Соңғы жаңалықтар