Елордада найзағай жарқылдап, бұршақ жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5-6 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.