Елордада нөсер: 150 мың текше метр су сорылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада түнде қатты нөсер жауып, қаланың кейбір көшелерін су басыр қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада нөсер: 150 мың текше метр су сорылды

«Суды соруға қала бойынша 1000 арнайы техника жұмылдырылды. Ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар, сорғылар жұмыс жүргізуде. 150 мың текше метр су сорылды», - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Айта кетсек синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнап, нөсер жауатынын бұған дейін болжаған еді.