Елордада «Нұрғиса - қазақтың сұлу сазды жүрегі» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығында белгілі композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдық мерейтойына орай «Нұрғиса -қазақтың сұлу сазды жүрегі» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді.
None
None

Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметі таратып отыр.

«Ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты - өскелең ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, күй өнерін дәріптеуге үндеу», делінген баспасөз баянында.

Шара барысында экран арқылы Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы қысқаша бейне роликтер, слайдтар көрсетіледі. Әнші Перизат Тұрарова композитордың «Сағындым ғой», «Құстар» әндерін, Сәттібек Баяхов «Әлқисса» күйі мен «Аққу» әнін, сонымен қатар 2008 жылы Испанияда өткен орыс конкурсының, ресейлік, қазақстандық конкурстардың лауреаты Анел Нисанова «Саржайлау» әнін орындайды.

Кеш барысында Н.Тілендиевтің өмірбаянына қатысты естеліктер, шығармалар жинағы жайлы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар