12:23, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Елордада ОҚО тұрғынынан 12 келіден астам марихуана тәркіленді
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД қызметкерлері ОҚО тұрғынынан есірткі затын тәркіледі.

Бұл туралы Астана қалалық ІІД хабарлады.
Жедел іздестіру шараларының барысында елордадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы көлікті тексеру кезінде 41 жастағы жолаушыдан 12 келіден астам марихуана табылды.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған ОҚО тұрғыны Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.