05:57, 24 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім басқармасының шешімі бойынша 24 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, 20 м/с) қала мектептерінің I-ші аусымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», - делінген таратылған ақпаратта.