Елордада оқушылар жеке шкафтармен қамтамасыз етіле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде елорда әкімі Әсет Исекешев мектеп оқушылары жеке шкафтармен қашан қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында ата-аналармен кездесулер өткіздік. Әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерді зерделеудеміз. Жаңа оқу жылына қарай 42 мектепте балалар су ішетін субұрқақтарды орнатамыз, 13 мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке шкафтарды қоямыз. Оқу жылының барысында барлық мектептерді аталған субұрқақтармен толықтай қамтамасыз етпекпіз, ал 2019 жылдың соңына дейін елордадағы түгел мектепті жеке шкафтармен қамтамасыз етеміз», - деді әкім.

Кеңес барысында Ә. Исекешев жыл сайын мектеп оқушыларының саны қарқынды түрде артып келе жатқанын атап өтті.

«Егер де 2010-2011 оқу жылында біздің мектептерде 74 мың бала білім алса, биылғы жаңа оқу жылында 145 мың оқушы келеді деп күтіп отырмыз. Яғни соңғы 6-7 жылда оқушылар саны екі есеге өсті», - деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ведомство еліміздің мектептерінде әрбір оқушыны жеке шкафтармен қамтамасыз ету бағытында тиісті шараларды атқаратынын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар