Елордада өрт қауіпсіздігі тұрақты бақылауда
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт бақылау басқармасы 2012 жылдың 11 айында қаладағы 4429 нысанға тексеру жүргізді,
деп мәлімдеді аталған ведомство бастығының орынбасары Бейбіт Сыдықов Астана қаласының ресми сайтына.
Тексеру нәтижесінде 1155 нысанның өртке қауіптілігі жоғары, 1354-і орта және 1920-сі шағын дәрежеде екендігі анықталды. Ведомствоның мәліметі бойынша, қала тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың жағдайы қыс кезеңінде тұрақты бақылауда болады. Кез келген ғимарат өрт шыққан жағдайда тұрғындардың өз бетімен өртті сөндіруі үшін құралдармен жабдықталуы тиіс. Өрт-техникалық тексерудің қорытындысында 2031 заңды, лауазымды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 16 млн. 81 мың теңге айыппұл салынды.