Елордада өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Елорданың Алматы ауданында 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртенді. Тілсіз жау 20 минуттың ішінде сөндірілді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 1 шаршы метр аумақты шарпыған өрт кезінде иіс тиіп уланған 57 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.
Қызыл жалынды өшіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы тартылды.
Сонымен қатар бүгін түнде Сарыарқа ауданында да 2 қабатты үйдегі пәтерлердің бірі өртенген. 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 54 жастағы азаматтың денесі табылған. Сонымен қатар күйік шалған 31 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген.
Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 15 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.