11:33, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Елордада өрт сөндіру және құтқару спортынан қалалық жарыс өтуде
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордада өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша қалалық жарыс өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сайысқа елордалық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен жасақталған 9 команда қатысуда.
«Спортшылар жаттығу мұнарасының 3-ші қабатына сатымен көтерілу, 100 метрге жүгіру және жауынгерлік қанат жаю тәсілін орындау бойынша бәсекеге түсуде. Ең әсерлі және шешуші жарыс түрі болып - жауынгерлік қанат жаю жарысы саналады. Командалар оған дайындыққа көп көңіл бөледі, өйткені бұл нормативті тез және дұрыс орындай білу - қарсыластарды уақыт айырмашылығы бойынша артқа тастап кетуге мол мүмкіндік туғызады», деді Өрт сөндіру басқармасының бастығы Қайыргелді Мейрамов.
Жарыс екі күнге созылады.