Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 басталды. Фестиваль 6-9 тамыз аралығында Barys Arena мен «Алау» мұз сарайында өтіп жатыр.

s
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Фестивальдің бас продюсері Наталья Абрашкинаның айтуынша, Comic Con Astana жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

- Жыл сайын серіктестеріміздің де, келушілеріміздің де саны артып келеді. Фестиваль өтетін алаңдар да көбейді. Біздің басты мақсатымыз – әр отбасы өзіне қызықты дүние тауып, бұл іс-шараға жыл сайын келгісі келетіндей атмосфера қалыптастыру, – деді ол.

Биыл фестиваль алғаш рет бірден екі нысанда ұйымдастырылып отыр.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Фестивальдегі басты іс-шаралардың бірі – халықаралық косплей байқауы. Биыл оның жүлде қоры 20 млн теңге.

ы
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Байқауға қатысушылар танымал фильмдер, сериалдар, аниме, комикс және компьютерлік ойын кейіпкерлерінің бейнесін сомдайды.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

- Косплей байқауына 20-дан астам елден өтінім түсті. Алайда олардың барлығы іріктеуден өте алмады. Өтінімдер саны біз қабылдай алатын қатысушылар санынан шамамен сегіз есе көп болды. Сондықтан іріктеу бірнеше кезең бойынша өте қатаң түрде өтті. Нәтижесінде 180 қатысушыны таңдадық, – деді Наталья Абрашкина.

ы
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Ұйымдастырушылардың болжамынша, фестивальге төрт күн ішінде шамамен 100 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр.

ы
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

- Қазір шетелден келетін қонақтардың нақты санын есептеп жатырмыз. Әзірге болжам бойынша, төрт күн ішінде фестивальге шамамен 100 мың адам келеді. Билеттер әлі де сатылып жатыр. Сондықтан төртінші күннің соңына қарай келушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін, – деді бас продюсер.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Оның айтуынша, биыл фестиваль бағдарламасы отбасылық демалысқа да бейімделген.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Мұнда кішкентай балаларға арналған ойын аймақтары, үлкен гейминг алаңдары жұмыс істейді. Сондай-ақ биыл фестивальге қатысатын блогерлер саны да артқан.

в
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін елімізде тамыз айында бес ірі фестиваль өтетіні хабарланған еді.

ы
Фото: Назерке Сүйіндік/Kazinform