Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңгені құрады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Астанада орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңгені құрайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

Елордада орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңгені құрады

2014 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы мөлшері барлық санаттағы зейнеткерлер (соның ішінде күш құрылымдарының зейнеткерлері) үшін 9 пайызға ұлғайды. Ведомствоның хабарлауынша, «2014-2016 жж. республикалық бюджет туралы» ҚР заңына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 852 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері (2014 жылы тағайындалатындарға) 20 782 теңге, орташа зейнетақы мөлшері 43 478 теңге, зейнетақының ең көп мөлшері 54 171 теңге, ал базалық зейнетақы төлемдері 9 983 теңге болады.

«Қазақстан бойынша 5 922 421 іс бойынша зейнетақы мөлшері арттырылды, соның ішінде 145 336 іс күш құрылымдарына тиесілі»,- делінген Басқарма хабарламасында.