Елордада Орынбор көшесіндегі қозғалыс жартылай шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-17 маусымда асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау жұмыстарын жүргізу үшін Орынбор көшесінің Достық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Елордада жол жөндеу кестесіне сәйкес қазіргі кезде мына көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр:
- Манас к-сі Абылай хан даңғылынан тұйыққа дейін - 25 маусымға дейін;
- Ш. Уәлиханов к-сі Бөгенбай батыр даңғылынан А. Бараев к-сіне дейін - 17 маусымға дейін;
- Қобыланды батыр к-сі - 30 маусымға дейін;
- Р. Қошқарбаев к-сі Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл к-сіне дейін - 20 маусымға дейін;
- А. Тоқпанов к-сі Г. Алиев к-сінен Б. Момышұлы даңғылына дейін - 25 маусымға дейін;
- Қордай к-сі №14 к-сінен соңғы аялдамаға дейін - 20 маусымға дейін;
- Вокзал маңындағы алаң - 25 маусымға дейін.
Алдағы уақытта мына көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:
- С. Сейфуллин к-сі А. Сембинов к-сінен Ш. Уалиханов к-сіне дейін - 12.06.2016 - 20.06.2016;
Үстіміздегі жылдың 10 шілдесінен кейін мына жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталады:
- А. Петров к-сі Қ. Сәтпаев к-сінен Қ. Мұңайтпасов к-сіне дейін;
- Көктал к-сі Н. Тілендиев даңғылынан М. Дулатов к-сіне дейін;
- Бөгенбай батыр даңғылы Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков к-сіне дейін;
- Ж. Ташенов к-сі Тәуелсіздік даңғылынан Таха Хусейн к-сіне дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан А. Байтұрсынов к-сіне дейін.
Жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.