Елордада «Орыс тілін оқытудағы компьютерлік технологиялар» атты семинар өтеді

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Наурыздың 29-30-ы күндері ҚР Президенттік мәдениет орталығы мен Ресей Федерациясы «Орыс әлемі» қорының ұйымдастыруымен «Орыс тілін оқытудағы компьютерлік технологиялар» атты екі күндік семинар өтеді.

Елордада «Орыс тілін оқытудағы компьютерлік технологиялар»  атты семинар өтеді

Семинардың мақсаты - тілді меңгеруде жаңа интерактивті технологияларды қолдану. Астана қаласының орта мектептерінің мұғалімдері қатысатын семинарда Санкт-Петербор қаласынан келген мұғалімдер дәріс оқиды. Ашылуы ҚР Президенттік мәдениет орталығы кітапханасында наурыздың 29-ы күні сағат 14-00-де болады.