Елордада отандық өндірушілерге тегін сауда орындары беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Астанада отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін «Самғау» СҮ тегін сауда орындарын беруге өтініштер қабылдап жатыр, деп хабарлады astana.kz.
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, ол үшін міндетті түрде тауардың СТ-KZ (тауардың Қазақстан Республикасында шығарылғанын растайтын) сертификаты болуы тиіс. Толық ақпаратты 919-088 телефон нөмірі бойынша алуға болады.