Елордада Отбасы күніне орай жас жұбайлар некелерін қияды

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада 8 қыркүйекте Қазақстандағы Отбасы күніне орай «Менің бақытты отбасым» фестивалі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет басқармасынан хабарлады.

Елордада Отбасы күніне орай жас жұбайлар некелерін қияды

Бағдарламада фестивальдің салтанатты ашылуы, отбасыларды құттықтау, шығармашылық ұжымдардың орындаулары, жас суретшілердің картиналарының және отбасылық фотосуреттердің көрмелері, сондай-ақ, «Шахматты отбасы» шахмат турнирі ұйымдастырылады.

Бұл шараға 6 мерейтойлы отбасы қатысады. Сонымен қатар, осы күні 10-ға жуық жұп некелерін қияды.

«Бұдан басқа, фестиваль аясында ата-аналарға психологтар отбасылық тәрбие бойынша кеңес береді»,- делінген ақпаратта. Фестиваль сағат 12:00-де Жастар сарайында өтеді.