11:45, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елордада өтетін Халықаралық математикадан олимпиада 2010 жылдың шілдесіне белгіленді
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елордада 51-ші Халықаралық математикадан олимпиаданың өту бағдарлармасы 2010 жылғы шілденің 2-14-і аралығына есептелінген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат олимпиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Шілденің 2-сінде қонақтар келе бастайды деп күтілуде. Ал шілденің 3-і мен 5-і аралығында қазылар алқасының жиналысын өткізу жоспарлануда. Ашылу салтанаты шілденің 6-сында өтеді. 7-8-і - олимпиаданың бірінші және екінші күні қатысушылар есептер шығарады. Шілденің 11-інде қазылар алқасының қорытынды жиналысы өтеді. Ал 2 күннен кейін, яғни 13-інде олимпиаданың салтанатты жабылуы ұйымдастырылады.