Елордада «Парламенттік пікірсайыстан Қазақстан чемпионаты» деген тақырыпта ұлттық студенттік турнир басталды
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Конституция күніне арналған «Пікірсайыстан Қазақстан чемпионаты» деген тақырыпта ұлттық студенттік турнир финалының салтанатты ашылуы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пікірсайыс турнирлерін ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктері мен Пікірсайысшылардың республикалық қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Чемпионаттың мақсаты - біздің еліміздегі пікірсайыс дәстүрлерін дамыту және жандандыру, Қазақстан қоғамы мен әлемде орын алып отырған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және ортақ талқылау арқылы студент жастардың әлеуметтік, шығармашылық белсенділігін жоғарлату болып табылады. Турнирге қатысып отырған Қазақстанның ең үздік пікірсайысшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары, әлемдік дағдарыс және инфрақұрылымды дамыту сияқты өзекті тақырыптарда сөз жарыстырады.
Парламенттік пікірсайыстан Қазақстан чемпионатының нәтижелері ертең өтетін турнирдің салтанатты жабылуында жарияланады.