Елордада пайдаланылмайтын жерлер заң бойынша алынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерді тиімді пайдалану мәселесі әрбір мемлекетте басты мәселелердің бірі болып табылады. Астана қаласының Жер қатынастары басқармасында пайдаланылмайтын немесе заңға қайшы пайдаланылатын жерлерді анықтау және оларды қайтару бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Елордада пайдаланылмайтын жерлер заң бойынша алынады

ҚР Жер кодексінің 82-бабында және ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабында қарастырылған нормаларға сәйкес, ағымдағы кезеңде жалпы ауданы 0,3187 га жер учаскесі арнайы есепке алынды.

Қолданыстағы заңнама нормалары мен талаптарына сәйкес, иесіз мүлік ретінде арнайы есепке алынған барлық учаскелер бойынша заңмен қарастырылған мерзім өткен соң (есепке қойылғаннан кейін 1 жыл) Басқарма белгіленген тәртіпте жерлерді мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап арыз беретін болады.

Айта кетейік, 2010 жылдан 2014 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстар нәтижесінде және Басқарманың талап арыздары бойынша, сондай-ақ соттардың тиісті шешімдерінің негізінде жалпы, 7,0 мың га құрайтын пайдаланылмайтын немесе заңнамаға қайшы пайдаланылатын жерлер мемлекетке қайтарылды, деп жазады astana.gov.kz.