Елордада Pfizer вакцинасын қандай медұйымдарда алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 қарашадан бастап елордада Pfizer вакцинасын егу басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тиісті контингентке екпе елорданың медициналық ұйымдарында және балаларға білім беру мекемелерінде салынады. Алайда, қаланың барлық медициналық ұйымы жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды.

Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар мыналар:

- қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханалары

- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;

- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» ЖШС (барлық филиалдары).

Аталған ұйымдарға тиісті контингентті вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының дозалары бөлінген.


Соңғы жаңалықтар