Елордада ПИК қызметкерлері үшін «Көппәтерлі үйлерді тиімді басқару және пайдалану» тақырыбында екі күндік семинар басталды
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Елордада ПИК қызметкерлері үшін «Көппәтерлі үйлерді тиімді басқару және пайдалану» тақырыбында екі күндік семинар басталды.
Аталған шараны Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ы «Тұран-Профи» біліктілікті арттыру институты және «Астана-Жылутранзит» АҚ-ымен бірлесе отырып, өткізуде.
Оған қатысушылардың назарына тұрғын үй коммуналдық саласын реформалауға қатысты халықаралық тәжірибелер бойынша хабарландырулар мен тұсаукесерлер, осы салаға энергия үнемдейтін технологиялар мен инновациялар енгізу мәселері, сондай-ақ есептеу құрылғыларын орнату мүмкіндіктері ұсынылды.
Семинар аясында тыңдаушылар үшін «ПИК қызметінің проблемалы алаңындағы ұйымдастыру диагностикасы» тақырыбында тренинг өткізілуде. Онда ПИК қызметтері барысында туындайтын міндеттер мен шешімдер қарастырылып, сәтті өткен тәжірибелер ортаға салынуда.
Дөңгелек үстел жұмысына жоғарыда аталған мекемелердің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қызығушылық танытқан тараптар қатысып жатыр.