Елордада пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцина егу тәжірибесін енгізу мәселесі талқыланды

 АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы Ұлттық ана мен бала орталығында Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкованың төрағалығымен Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы егілу, иммунизация тәжірибесін енгізу мәселелеріне арналған отырыс өтті,

Елордада пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцина егу тәжірибесін енгізу мәселесі талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның жұмысына Ұлттық медициналық холдинг қызметкерлері, Ресейдің педиатр маманы Андрей Федоров және дәрігерлер қатысты.

Пневмококк инфекциясынан орын алатын адам өлімі ЖҚТБ, безгек және түберкулез дерттерін қоса алғандағы өлім-жітімнен асып түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жылына әлемде 1,6 млн. адам аталған дерттен көз жұмады. Қазақстанда 29 мың 500 адам шалдығады, ал Ресейде  -1 млн. 250 мың адам. «Ең ауыры, пневмококк инфекциясы 1,5-2 жасқа дейінгі нәрестелерде кездеседі және көп жағдайда адам шығынына әкеп соқтырады. Себебі, пневмококты диагностикалық анықтау мүмкіндігі өте аз. Ал оның қай түрі екендігін ажырату тіпті қиын. Қазіргі уақытта әлемде балаларға иммунизацияны 40-тан астам ел жүргізеді», деді Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының директоры Ермек Аязбеков.

 Пневмококк инфекциясы - пневмококк бактериясы қоздырғышынан туатын аурулар тобын құрайды. Бұлар - пневмония, өткір орта отит, іріңді менингит, плеврит, артрит және құлақтың ісуі.

Андрей Федоровтың айтуынша, вакцина жасалған мемлекеттерде пневмококк аурулары 80-90 пайызға азайған. «Вакцина жасау аурудың алдын алып, инфекцияның бірнеше дерттерден сақтануға жол ашады. Мәселен, пневмония сепсис және пневмония жиілігін төмендетеді, пневмококк бактерияларының таралуы тоқтатылады. Қазір Ресей жерінде осындай вакциналардың екі түрі қолданылады. Олар - пневмо 23 және превенар вакциналары», дейді ол.