Елордада «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқаны өтіп жатыр

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқанын өткізуде. Науқан барысында ұйымдастырушылар полиэтиленді пакеттердің зиянды әсеру туралы халық арасында кеңейтілген насихатты өткізіп, үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тартып және сауда желілердің кассаларында экопакеттерді жүзеге асырды.
Мамандардың айтуынша, орта есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі күнге, 40 жуық шет елдерде (Еуропалық одақ елдері, Аустралия, Сингапур, Бангладеш және т.б) полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйм салған.
«Осы мәселенің шешімі эко-пакеттерді (қағаз пакеттер, биоыдырағыш пакеттер, матадан жасалған бірнеше реттік сөмкелер) қолдану болып табылады... Бұған қоса 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігімен полиэтиленді пакеттерді тегін жүзеге асыруға тыйым салу бойынша еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізіледі», - делінген науқанның ұйымдастырушылары таратқан хабарламада.