Елордада «Сахнадан сәлем» театр фестивалі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Сахнадан сәлем» театр фестивалі өз шымылдығын ашты.

Елордада «Сахнадан сәлем» театр фестивалі басталды

Биыл шара барысында Астана, Көкшетау, Қостанай, Жезқазған, Ақтау, Павлодар, Алматы қалаларынан, сондай-ақ, Махачкала қаласының М.Горький атындағы республикалық орыс драма театры (Дағыстан Республикасы) және Эрзурум қаласының Мемлекеттік театры (Түркия), барлығы 13 театр ұжымы сахна төрінде өздерінің үздік қойылымдарын көрермендер назарына ұсынады, деп хабарлайды astana.kz сайты.