Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада сал ауруынан ем-дом алған баланың тұсауы кесілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қасиетті жол» сауықтыру орталығында ұзақ уақыт емделгеннен кейін өзінің алғашқы қадамдарын жасаған Жанарыс Қапан есімді баланың «Тұсау кесер» ұлттық рәсімі өтті.

Елордада сал ауруынан ем-дом алған баланың тұсауы кесілді (ФОТО)

Баланың тұсауын елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Ахметов кесті. Осы шара барысында орталық мамандары жаңа авторлық әдіснамалармен оңалтудан өткен балалардың жетістіктерімен таныстырды.

Екі жылдық жұмыс барасында орталықта еліміздің барлық өңірлерінен балалар церебральды сал ауруы диагнозымен 490-нан астам бала емделді. Қазіргі заманғы оңалту әдістері жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл ретте 49 бала мойнын тік ұстауға, 40-тан астам бала орындыққа отыруға, 70 бала еңбектеуге, 30-дан астам бала аяғымен жүруге машықтанды.

Айта кетейік, «Қасиетті жол» қоғамдық қоры балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 2009 жылы құрылды. «Нұр Отан» партиясының қатысуымен және «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық қолдауымен «Ұлт болашағы» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында 2014 жылдың наурызында оңалту орталығы ашылған болатын.