Елордада салалық терминологиялық жұмыс топтарының қызметін жандандыру мәселесі қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылған салалық терминологиялық жұмыс топтарының қызметін жандандыру, терминдердің сапасын арттыру мақсатында терминологиялық жұмыстарды реттеуге бағытталған семинар-кеңес өткізді.

Елордада салалық терминологиялық жұмыс топтарының қызметін жандандыру мәселесі қаралды

Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, терминолог ғалым, мамандар, орталық мемлекеттік органдардың тіл саласына жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандар қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша арнайы шешім қабылданды. Аталған шешімдер салалық жұмыс топтарына терминологиялық жұмыстарды тиісінше ұйымдастыру үшін ұсынылатын болады.