Елордада «Сәлем Астана» мерекелік концерті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 шілде күні Астана қаласының Орталық алаңында Астана күніне арналған «Сәлем Астана» атты мерекелік іс-шара өткізіледі.

Елордада «Сәлем Астана»  мерекелік концерті өтеді

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала күні мерекесіне Астана қаласының Білім басқармасы, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары: жас музыканттар, бишілер, әншілер, суретшілер, қолданбалы өнер шеберлері өз үлестерін қосады. Олар - елорданың 500-ден астам жас музыканттары және суретшілері.

Концерттік бағдарламада қазақ халық аспаптарының біріккен оркестрі Астананың 17 жылдығына арнап 17 күй орындайды, көне қазақ аспаптарының сүйемелдеуімен фольклорлық және би ұжымдары қатысады. Қазақстанның басқа қалаларының творчестволық ұжымдарының құттықтаулары, қолданбалы өнер шеберлері мен жас суретшілер көрмесі ұсынылады.

Мәдени іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, қалалық Білім басқармасының және №1 балалар музыка мектебінің қолдауымен ұйымдастырылуда.