Елордада Сәтбаев көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы жөндеуге жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қаныш Сәтбаев көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада Сәтбаев көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы жөндеуге жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі мен қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, Қ.Сәтбаев көшесі бойымен Б.Момышұлынан Қ.Мұңайтпасовқа дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Сарыарқа даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

«20 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты жол төсемін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған», – делінген хабарламада.

Кептеліс болмау үшін жүргізушілер баратын бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.