Елордада саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері қойылған көрме ашылды

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Қазіргі заманғы өнер мұражайында мамырдың 31-і - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасырлар тоғысы» атты көрме ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мамырдың 31-і күні Қазақстанның барлық аймағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар өтеді. Қазіргі заманғы өнер мұражайы да бұдан тыс қалмай, тағдыр тәлкегіне ұшыраған суретшілердің еңбектері қойылған көрмені ұйымдастырып отыр. Сол жылдары тек Карлагтың өзінде 90 суретші жазықсыз ұсталған. Бұл адамдардың тағдыры мен келер ұрпаққа қалдырып кеткен баға жетпес еңбектерін зерттеп, табу үшін үлкен жұмыстар атқарылды. Мұнда, әсіресе, қарағандылық мұражайдың еңбегі зор», - дейді Қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шиврина. Көрмеге кескіндеме, табиғат көрінісі мен портрет жанрындағы суреттер және мүсіндер қойылды. 32 туындының 29-ы - мұражайдың 1941-1982 жылдарғы жинағындағы 11 қазақстандық суретшінің еңбектері. Олар - еліміздің бейнелеу өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосқан дарындар. Атап айтар болсақ, Абрам Черкасский, Владимир Эйферт, Алексей Бортников, Павел Зальцман, Саркис Саносян, Гюнтер Гуммель, Федор Болкоев, Павел Реченский, Гилярия Гилевский және Алексей Цой. Көрмеге сондай-ақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы, мүсінші Тоқтар Ермековтың «Бала кезі», «Бейтаныс қыз», «Шығыс аруы» атты шығармалары да қойылды. Көрме маусымның 30-ына дейін жұмыс істейді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум