Елордада саяжайдағы үйден шыққан өрт 36 жастағы әйелдің өмірін қиып, кішкентай қыз жансақтау бөліміне жеткізілді

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада саяжайдағы үйден шыққан өрт 36 жастағы әйелдің өмірін қиып, кішкентай қыз жансақтау бөліміне жеткізілді,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, кеше елорданың газ аппаратуралары зауыты аумағындағы саяжайдағы үйден өрт шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан күйік шалған 36 жастағы әйел ауруханаға апара жатқан кезде қаза тапты, ал 8 жастағы қыз жансақтау бөліміне жеткізілді.

Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар