Елордада сайлау күні 69 нәресте дүниеге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше сайлау күні елордада 69 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінің мәліметіне сәйкес, 10 қаңтар – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды сайлау күні Нұр-Сұлтан қаласында 69 сәби дүние есігін ашты. Оның ішінде 34 қыз бала, 35 ер бала», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.
Еске салайық, жексенбі күні Қазақстанда Парламент Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға сайлау өтті.