Елордада Серік Тоқпановтың жеке концерті өтеді

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Қазанның 28-де елордалық Конгресс-Холлда Бүкілодақтық және Республикалық конкурстардың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпанов «Өткен жылдардың ұмытылмас әндері» атты жеке концертін береді,

Елордада Серік Тоқпановтың жеке концерті өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығармашылық кеште 25-ке жуық ән айтылып, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен бірнеше шығарма орындалады. Сондай-ақ концертке Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің көркемдік  жетекшісі, бас дирижері Қанат Ахметов қатысады.