Елордада шаһарды энергиямен жабдықтау жүйесі жаңғыртылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының энергиямен жабдықтау жүйесінде ескірген нысандар аз емес. Салдарынан кейде апаттық жағдайлар тіркеліп жатады. Бұл ретте, «Астана-АЭК» АҚ басшылығы инвестициялық бағдарлама арқылы жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету және оның тиімділігін бағалау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мамандары, қоғам белсенділері «Астана-АЭК» АҚ объектілерін тексеріп шықты.

Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Астана-АЭК» АҚ

Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Бауыржан Аманбеков «Астана-АЭК» АҚ жалпы құны 24,5 млрд теңге болатын 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында елорданың энергожүйесін жақсарту және жаңғырту бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.

Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«2023 жылы 4,6 млрд теңге игеріліп, жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталды. Ал, 2024 жылға 6,3 млрд теңге бөлініп отыр. Жұмыстың сапасы — басты назарда»,- деді ол.

Инвестбағдарлама желілердің тозуын азайтып, технологиялық бұзушылықтарды төмендетпек. Сондай-ақ, электр энергиясының нормативтік шығындары 10,7%-дан 9,8% - ға дейін қысқартылмақ.

Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Энергиямен жабдықтау жүйесі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар