Елордада шағын және орта бизнесті қолдау бағытында қандай шаралар атқарылуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия салдарынан бәрінен қатты зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау үшін барлық жағдай жасау қажет. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдерімен кездесіп, биылғы жоспарларды талқыладық. Қормен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Нұрлы жер», «Еңбек», сондай-ақ, жеңілдікпен қаржыландыру бойынша бірқатар бағдарламаны іске асырамыз.
«Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша, былтыр елордада 1 мыңнан астам жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша - 30 жоба және т. б. қолдау тапты. Бұл бағдарламалар шағын және орта бизнес өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетуге, қазақстандық өндіріс өнімдерін шығару үлесін ұлғайтуға және т. б. мүмкіндік береді»,-деп жазды Алтай Көлгінов.