Елордада шетелде білім алу жөнінде ақпараттық көрме ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордалық «Редиссон» қонақүйінде «International Education – 2009» атты білім беру жөнінде ақпараттық көрме ашылды,

Елордада шетелде білім алу жөнінде ақпараттық көрме ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы Capital Education білім беру агенттігімен бірігіп, аталмыш көрмені Қазақстанда осымен екінші жыл ұйымдастырып отыр. Қазақстандық экономиканың әртүрлі салаларында сапалы білім алуға деген сұраныстың артуына және жоғары білікті мамандардың жетіспеуіне байланысты осы көрмені өткізу қажеттілігі туды.«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастар тұрақты және өркендеген мемлекетте өмір сүруі үшін өзінің барлық күш-жігерін салуда. Қазір қиын кезеңді басымыздан өткізіп жатырмыз. Дегенмен, Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарыстар келеді және кетеді. Осыған байланысты еліміздің дағдарыстан кейін дамуы жөнінде жұмыс жүріп жатыр. Мұнда адами капиталға баса назар аударылуда», - деді ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек.2009 жылы өткізіліп отырған көрменің алдыңғысынан ерекшелігі ? биылғы шараның бағдарламасында көрмеде және елордалық орта мектептерде әрбір ұйымның арнайы таныстырылымы қарастырылған. Көрме Қазақстанның 3 ірі қаласында ? Алматы, Астана және Қарағандыда ұйымдастырылып отыр.