Елордада шомылу маусымы қашан басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы шомылу маусымында Астанадағы су қоймаларында 50 сүңгуір-құтқарушы патрульдейді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов әкімдіктің баспасөз мәслихатында осында мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада шомылу маусымы қашан басталады

«Шомылу маусымы кезінде күнделікті патрульдеу шараларына 50 сүңгуір-құтқарушы, сүңгуір жабдықтары орнатылған 15 жедел құтқару техникасы, 6 жұзу құралы, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысшылары жұмылдырылады», - деді ол.

Басқарма басшысы су температурасы +18 градустан төмен болғанда шомылуға болмайтынын еске салды.

«Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда ашылады. Арнайы жабдықталған орындарда, жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылар патрульдейтін орындарда шомылу керек. Сау, шыныққан адамдар үшін қауіпсіз шомылуға арналған судың ең төменгі шекті температурасы +18 градус, ауаның шекті температурасы +22 градус. Балалар мен денсаулығы әлсіз адамдар үшін мұндай температурада суға түсу денсаулық пен өмірге қауіпті», - деді Азамат Құсайынов.