Елордада ШЫҰ Бас прокурорларының мерейтойлық отырысы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 20-мерейтойлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада ШЫҰ Бас прокурорларының мерейтойлық отырысы өтуде

«Делегаттарды ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 20-шы мерейтойлық кездесуімен құттықтаймын. Біз үшін оның Қазақстан жерінде өткізілуі үлкен мәртебе. Өзара сенімге, тең құқылы және ашық диалогқа негізделген ШЫҰ-ның мәні бойынша бірегей рухын нығайту міндеті аса маңызды болып саналады. ШЫҰ жиырма жылдан бері беделді сараптамалық платформа мәртебесін лайықты түрде сақтап келеді. Мұны ШЫҰ процесіне қатысушылардың географиясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқаны айғақтайды», - деді отырысты ашқан ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

Отырыс барысында қылмыстық активтерді қайтаруға қатысты тәжірибе алмасу және озық тәжірибелер мен пробемалар талқыға түсіп жатыр. Іс-шараның қорытындысы бойынша ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және озық тәжірибемен алмасу жөніндегі басым міндеттерді айқындайтын отырыс хаттамасына қол қойылады деп күтілуде.