Елордада «Сібір суларын Қазақстан мен Арал теңізі бассейініне экспорттау проблемасы» тақырыбында кезекті отырыс өтті

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары сөз алады» циклынан «Сібір суларын Қазақстан мен Арал теңізі бассейініне экспорттау проблемасы» тақырыбында кезекті отырыс өтті,

Елордада «Сібір суларын Қазақстан мен Арал теңізі бассейініне экспорттау проблемасы» тақырыбында кезекті отырыс өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ортаға салынған баяндама Сібір өзендерінің арналар бөлігін қайта бөлу жобасының пайда болу тарихына, оның ғылыми негізделуіне және оны жүзеге асыруға арналған. Баяндамашы ? география ғылымының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті география факультетінің профессоры Игорь Тимашев. Оның айтуынша, бүгінгі баяндама Ресей үшін де, Қазақстан үшін де өзекті болып табылатын мәселеге арналған. Отырыс барысында баяндамашыға сұрақтар қойылып, қызықты әңгіме қозғалды.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ арасында оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға, әртүрлі мамандарға білім беру жөніндегі келісімге қол қойылған болатын.