15:01, 07 Мамыр 2020 | GMT +5
Елордада соғыс батырлары бейнеленген билбордтар ілінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында түрлене түсті, 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығы өлшеусіз даңқтың, өшпес қаһармандық ерліктің, халқымыздың шексіз, мұқалмас қайратының мерекесі ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікті сүйгіш барша адамзаттың мерекесі. Бүгінгі жеңімпаз ұрпақтың балалары мен немерелері үшін жарқын да қасиетті мереке. Қала көшелерінде әдеттегідей халық көп емес, дегенмен елорда үлкен мереке қарсаңында екені аңғарылады.
Мерекелік рәміздер барлық жерде: жалаушалар мен Жеңіс күнінің белгілері жазылған көптеген плакаттар ілініп, аялдама павильондарында Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр мерекесімен құттықтаулар ілулі тұр.