Елордада соңғы үш күнде коронавируспен ауырғандар саны 2 есе өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Соңғы үш күнде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қатысты жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдай және медициналық ұйымдардың коронавирус инфекциямен күресуге дайындығы» тақырыбында брифинг өтті.

«Соңғы үш күнде Нұр-Сұлтан қаласында Covid-19 бойынша жағдай күрт нашарлады. Осы күндері ауырғандар саны 2 есе өсті. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық республика деңгейінен 2,9 есе жоғары көрсеткішке ие болды. Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдай күрделі», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, қала 20 күннен бері эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» тұр.

«Күніне коронавируспен ауырған 350-400 жағдай тіркелуде. Жыл басынан бері елордада коронавируспен ауырғандардың саны 11 мыңнан асты. Пандемия басталғалы бері 30 мыңнан астам жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық динамикасы бойынша ақпанда қаңтармен салыстырғанда 25%-ға жағдайдың тіркелуі төмендегені байқалды, соңғы аптада сырқаттанушылықтың өсуі есебінен наурыз айында қаңтармен салыстырғанда 1,1 есеге артқаны байқалады (қаңтар – 3 763; ақпан - 2 811; наурыз - 4 939). Қаңтар айында соңғы жарты жылдағы ең жоғары сырқаттанушылық тіркелгенін атап айтамыз. Тәулігіне 346 бастапқы жағдай тіркелген (симптомдары бар 231 жағдай, 115 симптомсыз жағдай)», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар